ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 250 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Еңбекші ауданында тұрғындардың ауыз сумен 97 пайызға, электр жарығымен 98,8% табиғи газбен 90,7 % қамтылған. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз брифингінде Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді. 

Ал орталықтандырылған кәріз жүйесіне аудан халқының 41 пайызы қосылған. Биыл 6 елдімекенге кәріз тарту жұмыстарының жобалық сметасы жасалып, 2025-2026 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Ауданда 728 көше бар. Оның  535 шақырымда асфальт болса, 177 шақырымына шағал тас төселген. 2022-жылы 132 көшеге, 2023-те 73 көшеге асфальт төселген. Биыл болса 78 көшені асфалттеу бойынша мемлекеттік сатып алу байқаулары өтіп жатыр»,— дейді Досбол Есілбеков.

Сондай-ақ, ауданда көшелерді жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, 2022-жылы 22 көше, 2023-те 28 көшеге жарық шамдары қойылса. 2024-жылдың аяғына дейін 250 көшеге жарық беру жоспарлануда.

Халық қатысатын бюджет жобас аясында өткен жылы 29 жобас іске асса, биыл 42 жоба сәтті жүзеге асып жатыр.

Сонымен қатар, Еңбекшіде бар-жоғы үш гүлзар мен саябақтар бар. Осыған орай, аудан аумағында тағы 5 деалыс аймағын соғу бойынша мемлекеттік сатып алу байқаулары ұйымдастырылмақ. Мұнан бөлек, Сайрам және Жібек жолы көшелері қиылысында демеушілер есебінен гүлзар соғыла бастаған.

Ал «жайлы мектеп» жобасы аясында Ұлағат, Қарабастау щағын аудандарында білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе»  мәдениет үйі апатты деп танылып, заманауи үлгідегі мәдениет ошағы салынып жатыр екен. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*