Шымкент қаласында жоғарғы оқу орындарының студенттері ұстаздарына ақша жинап беріп отырған, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында қаладағы 9 университеттің 1700-ге жуық студент және оқытушы-профессорлар арасында сауалнама жүргізілген. Жасырын өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, жоғарғы оқу орны студенттері мұғалімдерге 500-ден 100 000 теңгеге дейін ақшалай қаражат, сондай-ақ A4 қағаздары мен файлдар бергендігі анықталды.
Нақтырақ айтқанда, сауалнама нәтижелері бойынша білім беру қызметтеріне Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының студенттерінің 22%-ы, Silkway Халықаралық Университеті 19%, Академик А.Қуатбеков респонденттердің 11%, Шымкент университеті респонденттердің 18%, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті респонденттердің 5% ақша бергендігі мәлім болды. Сауалнама барысында әртүрлі университеттердің студенттерінің жауаптары бойынша ақшалай қаражат алған 9 мұғалімнің аты-жөні анықталып, жорғарғы оқу орнын нәтижесімен таныстырған. Осыған сәйкес, анықталған тұлғаларға тиісті шаралар қолданылып, 4 оқытушы лауазымынан босатылыпты. Қалған 5-не сөгіс берілген.
Пікір қалдыру