Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мемлекеттік корпорация қызметкерлері №3 балалар үйіне барды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері бірнеше жылдан бері бүлдіршіндерге қамқорлық көрсетіп келеді, мереке қарсаңында балалар үйіне бару – игі дәстүрге айналған.
Бүгінде №3 балалар үйінде 4 пен 17 жас аралығындағы 68 бүлдіршін бар. Филиал қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті тосынсыйлар мен жемістер ғана емес, қажетті киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар мен кітаптар сыйлады.
Балалар қонақтарды қуана қарсы алып, өздері әзірлеген мерекелік концертін ұсынып, ән мен күйден шашу шашты.
«Балалардың күлкісі – баға жетпес дүние! Бөбектердің ересектерге деген сенімі басым. Біз сол сенімді ақтауға тиіспіз. Әрбір баланың дені сау болып, қамқорлыққа кенеліп, өз отбасын табуына тілектеспін. Аспанымыз ашық, әрбір жаңа күн жақсылық пен қызыққа толы болсын. Біз балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек!», – деді филиал директоры Данабек Исабеков.
Балалар үйінің директоры Қырмызы Қожамжарова балаларға арналған сыйлықтары үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
«Азаматтарға арналған» үкімет мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі
PR-менеджер Алтынай Татаева
Пікір қалдыру