ТҮРКІСТАН: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шаралары жан-жақты әрі жүйелі шаралар кешенімен жүзеге асырылуда. Бұл бағыт облыс масштабында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар ынтымақтастығымен тиімді ұйымдастырылып келеді.

Жуырда өткен облыстық прокуратурадағы брифингте Мәжіліс облыс прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов төрағалық еткен кеңейтілген жиында пробациядағы азаматтарға қайталап қылмыс жасауға жол бермеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қолдауы мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, полиция, ҚАЖД, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, еңбек мобильділігі орталығы мен микроқаржы ұйымдарының басшылары қатысты. Атап айтқанда, жиынға бейнеконференция арқылы 17 аудан мен қаланың әкімдері және полицейлер де қосылды.

– Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік етене әрі жүйелі жұмыс істейді, – деді Данияр Нұрділдаұлы. – Дегенмен, әлі де кемшіліктер бар. Пробациядағы азаматтарды тек бақылап қана қоймай, оларға жан-жақты әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, қылмысқа қайта бармауын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Отбасыларына дейін қамту қажет. Профилактика жұмыстарын тоқтатпай, тұрақты түрде жүргізу керек.

Облыстық прокуратура басқармасының бастығы Нарбек Мықтыбаев пен ҚАЖД-тің өкіл Азамат Сейілбек, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысы Әсия Темірбаева пробацияға жататын азаматтарға көрсетілген қолдау шаралары мен нәтижелері жайында толық баяндады.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өз ұсыныстарында пробациядағы азаматтармен зейінді жұмыстарға тоқталды:

– Әлеуметтік немесе отбасылық қиындықтар пробациядағы азаматтар арасында қылмысқа қайта итеретін басты фактор. Сондықтан кесте құрып, аудан әкімдері, полиция және әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп оларды жер-жерде аралап, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін түсіндіруі керек. Бетпе-бет әңгіме – әлеуметтік жағдайды анықтауға мүмкіндік береді, – деді қарқынды шаралар жоспарын ұсынды.

2025 жылғы деректерге сәйкес, Түркістан облысында пробация есебінде тұрған азаматтар саны – 1 742. Оның ішінде 1500-ден астамы – ер азаматтар, 225-і – әйелдер. Жоғары білімді 230 азамат болса, қалғандары орта және кәсіби-техникалық білім алған. Солардың ішінде 256 адам – әлеуметтік осал топқа жатады. Пробациядағы азаматтардың 1 212-і жұмыс істесе, 452-сі жұмыссыз тұр.

Жұмыспен қамту саласында 2025 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, 130 мекемеге 194 квота бөлінген, ал нақты 81 мекемеге 128 адам орналастырылды. Жыл басынан бері шалғай елді мекендерде 42 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 436 азамат аудандық, қалалық мансап орталықтарына жүгінді. Бұған қоса, 2 адам атаулы әлеуметтік көмек, 30 адам грант, **55 адам «Бастау-Бизнес» сертификатын алды. Облыста 17 Отбасын қолдау орталығы ашылып, өз қиындықтары бар отбасыларды ерте кезеңнен анықтап, қолдауға қол жеткізді. FSM Social мобильді қосымша арқылы мұқтаж отбасылар автоматтандырылған тәртіпте тіркеліп, дер кезінде қамту жүзеге асырылады.

Түркістан облысының пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы әлеуметтік-құр­қықтық шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда. Мемлекеттік институттар мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы бұл іске тұрақты серпін беруде. Арнайы жәрмеңкелер, гранттар, білім беру мен жұмысқа орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік-отбасылық жағдайды анықтап қолдау арқылы пробациядағы азаматтардың қайта қылмысқа баруының алдын алу басты назарда. Бұл – өңірдің тұрақтылығы мен әлеуметтік ахуалдың сенімді қауіпсіздігі үшін стратегиялық міндет.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*