Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы бойынша жиын өтті.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды.
— Облыс бюджетінің 2 тоқсан қорытындысымен сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қала әкімдері және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің заң талаптарына сәйкес бюджет кірістерінің әрбір көзінің сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде және сапалы игеру керек. Субъективті себептермен бюджет қаражатының игерілмей қалуына жол бермеу бойынша шаралар заң аясында қабылдау қажет, — деді Талғат Қозбеков.
Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 5 айында облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрап, республикада 1 орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 5 айдың қорытындысымен Үкіметпен жеткізілген межеге толық қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Жоспар 105,5%-ға орындалды. Өсім өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен орын алды.
Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев облыс бойынша осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 114,3 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалғанын айтты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 16%-ға арқан.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймақ басшысының тұрақты бақылауында. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Қазақстан полициясы күніне орай Түркістан облысының Ордабасы ауданында мерекелік іс-шаралар легі бастау алды. Соның аясында ұйымдастырылған спорттық жарыс аудан полиция қызметкерлерінің мерекелік көңіл күйіне серпін беріп, ұжым арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттырды. Бұл жарыс – […]
Отырар ауданында кәсіпкерлік саласы жанданып-ақ келеді. Оған 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың барысына қарап-ақ көз жеткізуге болады. Мәселен, 2024 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 37 миллиард теңге болып бекітілген […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты. «Тұрғын үй-қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында кондоминиум құрылып, тұтастай жаңарған үйлердің […]
Пікір қалдыру