Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданында жүрекке жылу сыйлаған игі шара өтті
Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар және Оңайовтар отбасыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен әр отбасыға демеушілер есебінен 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Ал мереке қарсаңында Шардара қаласындағы Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды
Салтанатты жиында аудан әкімі көпбалалы отбасыларды қолдау – тәуелсіз ел саясатының басым бағыты екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев жылы лебізін білдіріп, үшемдердің аман-есен өсіп, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестік танытты
Қуанышқа кенелген жас отбасылар аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын жеткізді
Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаржысы есебінен салынған
Тәуелсіз елдің әрбір сәбиі – жарқын болашақтың кепілі!
Шардара ауданында жүгеріден 26 түрлі өнім шығаратын зауыт салынып жатыр. Қазіргі таңда өндіріс орнының бір бөлігі іске қосылып, 8 түрлі өнім шығарып отыр. Толығымен іскен қосылған кезде ауданның 500-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. Айта кетерлігі, […]
Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 8025 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағына және Ресей, Беларусия, Балтық елдері мен өзге де ТМД елдерінің нарығына 12037 […]
Шардара қаласында «Ako»tattileri атты кондитерлік дүкен ашылды. Нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, қала әкімі Олжас Айдосов және қала тұрғындары қатысып, лентасын қиды. Б.Шомпиев өз жұмысын бастаған кәсіптік нысанның жұмысымен танысып шығып, құттықтады. […]
Пікір қалдыру