Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 3 жылдың ішінде өңірден 700-ден астам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.
Қоныс аударушыларға мемлекеттен қолдау зор. Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары да төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Мамандардың айтуынша, қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан теріскей өңірі тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында зауыт жұмысымен танысты. Биыл әкімдік қолдауымен «GRAND FLOUR INDUSTRY» ЖШС — мен серіктестік шикізатын өндіру бойынша келісімшартқа тұрған кәсіпорын қарқынды жұмыс істеуде. – Біздің басым бағытымыз – […]
В этом году в рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Енбек» на 2017-2021 годы в Туркестанской области планируется привлечь 95 721 человек, в настоящее время приняли участие 44 677 человек. Для […]
В Туркестанской области во время пандемии увеличилось количество сайтов продажи скота. Учитывая карантинную ситуацию, специалисты сферы сельского хозяйства поддерживают увеличение количества таких площадок, где развивается торговля без посредников. Закрытие животноводческих рынков никак не повлияет […]
Пікір қалдыру