Қанат Үмбетов: «Димаштың концертінде отыр алмаймын» (видео)

Әнші Қанат Үмбетов, әлемді мойындатқан әріптесі Димаш Құдайбергеннің әндерін соңына дейін тыңдай алмайды екен.

Бұл жөнінде ол журналист Нұрсұлтан Құрманның «ютубтағы» арнасына берген сұхбатында айтып өткен.

«Димашқа деген көзқарасым өте жақсы. Бірақ, біздің эстраданың Димаштың бағытымен дамығанын қаламайтын едім. Мен өз басым Димаштың концертіне барып, концерттің басынан-аяғына дейін отыра алмайтын едім. Димаш мықты әнші. Оны біз емес, әлем мойындап тастаған әнші. Мен өзімнің табиғатымда қатты айқайлай берген әншілерді тыңдай алмаймын. Ол Димаш болсын, ол басқа болсын. Тыңдап кележатсың ән ұнайды. Ортасына келгенде айқайлайды. Мен алам да өшіріп тастаймын»-дейді Қанат Үмбетов.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*