«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден азаматтарды солтүстікке көшіру бойынша ақпараттық насихаттық жұмысты қолға алғаны белгілі.
Мақсат — Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау. Осы орайда, партия филиалы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірге Жетісай, Мақтаарал аудандарын аралап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, арнайы «Еңбек» бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқа шақыруға келген Павлодар облысының делегациясы өз өңірлерін таныстырып, жұмыссыз жүрген азаматтарға солтүстік өңірге көшуге үгіттесе, облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен арнайы Солтүстікке ақпараттық турмен барған журналистер қауымы өз әсерлерімен бөлісті.
Жалпы, «Еңбек» бағдарламасы Түркістан облысында 2015 жылдан бері басталып, бүгінгі таңда 881 отбасы, 3377 адам қоныс аударып, мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етілген.
Биылғы жылдың өзінде Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 157 отбасы, 427 адам Солтүстік өңірлерге қоныстанып, жұмыспен қамтылған.
2018 жылға республика бойынша бөлінген 1706 квота негізінде облысымыздан 455 отбасы, 1768 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударып, квотамен, көшу үшін берілетін субсидиямен қамтамасыз етілуде.
Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды.Өз кәсібін ашамын деушілерге егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды. Көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектермен (қаржылай көмектер) барған азаматтар қамтамасыз етілуде.
«Nur Otan» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі
Пікір қалдыру