Айтаханов жекпе-жекте жеңілген спортышыны қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионатының жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында екеуі елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер спортына аса ден қойып, бокс пен әскери самбо үйірмелерін дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы өскелең ұрпақты патриоттық рухпен тәрбиелеуде отандық спортшыларымыздың алар орны ерекше екенін атап өтіп, спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

ММА балуаны Арман Оспанов өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жетіп, 2-нен жеңіліс тапты. ACA, AP, LS сынды дүбірлі додаларға қатысқан.

Арман Оспанов соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковке жеңіліп қалған болатын. Екі қарсылас осы күнге дейін 3 рет кездесіп, алғашқысында Оспанов жеңіске жеткен. Бірақ, соңғы 2 кездесуде жеңіс Полпудниковтың еншісінде кетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*