ТҮРКІСТАН: Аппарат отырысында 9 айды қортындылады

 Бүгінгі таңда Түркістан облысы орталығының  аумағында әкімшілік тарапынан 50 мыңға жуық көшет отырғызылған. Оларды тұрақты суғарып тұру  үшін 268 су ұңғымасын салу көзделген.

Аппарат мәжілісінде  сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы да сөз болды. Соңғы көрсеткіштер бойынша, өңірдегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемі, ірі қара мен ұсақ мүйізді мал басының үлесі секілді даму индикаторларының орындалуы барысы баяндалды. Бұл бағытта Түркістан облысы жақсы жетістіктерге қол жеткізген. Ауыл шаруашылығы негізгі каптиталға тартылған инвестициялардың көлемі жағынан да республика бойынша алғашқы орында. Жиналысты қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев  жауапты мамандарға мақта құнына байланысты туындаған мәселені тез арада шешуді тапсырды.  Айта кетейік, облыста Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын 300 мыңнан астам халық мақта шаруашылығымен айналысады. Бүгінде бұл аудандарда 18 мақта өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*