Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7252) 21-43-23 сенім телефоны жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекет жайттары туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, «WhatsApp» мессенджерінде мына телефон арқылы жүгінуге болады: 8-702-371-55-66.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін ӨҚБ-ның қызметкерлерімен Шымкент қ. ПД-нің жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіптің бұзылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар мен іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция департаментінің мәліметінше, карантин кезеңіне арнайы жоспар әзірленген. Төтенше жағдай кезінде азаматтармен дөрекі қарым-қатынас жасамау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қала периметрі бойынша блок-бекеттерде, карантиндік аймақ шегіндегі бөгеу бекеттерінде, жұқтыру ошақтарында және басқа да объектілерде жұмылдырылған полиция қызметкерлері ерекше бақылауда.
Оған қоса, қызметкерлердің жұмысын бақылаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, бейнетіркеуіштер патрульдік полицейлердің жұмысын тексеріп қана қоймай, кейбір даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мүдделі қызметтермен бірлесіп, полиция қызметкерлеріне қатысты сыни жарияланымдарды анықтау үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-на мониторинг жүргізеді. Мұндай жарияланымдар анықталған жағдайда әрбір жайт бойынша қызметтік тексерулер жүргізіледі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер мен әдепсіз мінез-құлықтар орын алған жағдайда, Шымкент қ. ПД-нің ӨҚБ бастығының орынбасары Альмахан Темірхановтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүгінуге болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Ұйғыр тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының бастамасымен өткен бұл мәдени кеш достық пен татулықтың, этностар арасындағы өзара сыйластықтың жарқын […]
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық […]
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау – өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны қорғау бұл әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаны қорғау – жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын […]
Пікір қалдыру