Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 12 жағдай туралы ақпарат

Шымкент қаласында жаман індетті жұқтырған 12 азамат анықталды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Ауру жұқтырғандар 1956 ж, 2004 ж, 1978 ж, 1981 ж, 1977 ж, 1992 ж, 1967 ж, 1946 ж, 1969 ж, 1968 ж, 1979 жылдары туған азаматтар.  Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Инфекция жұқтырған 12 азамат екі отбасының мүшелері.

Сонымен қатар, науқастардан ПТР диагностикалық зерттеуге алынып  қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Аурулармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып отыр.

Айта кету қажет, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде осыған байланысты үш ошақ анықталды: «Самал 2» шағын ауданы, Тассай тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.

Айта кету керек, 18 сәуірге дейінгі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*