Елімізде төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Шымкент қаласының 200 астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, ал 700 жуық отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
Енді жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы тапсыру мүмкіндігі жасалды.
Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.
Ал, балалы болған отбасылар баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде өтініш толтыру қажет.
«Цифрландыру заманында проактивті әдісі арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын egov.kz порталының мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Проактив қызметін пайдалана отырып, баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады. Мобильді базаға тіркелген аналар ұялы телефонының көмегімен өздері аталған қызметке тапсырыс бере алады»,- деді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева .
Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.
Пікір қалдыру