Шымкент жастары 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік себетін таратты. Қаладағы төрт аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан тізім жасалып, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» игі шараға ұйытқы болды. Аталған орталық бұл «Жанға жылу» акциясы аясын жүйелі ұйымдастырып келеді.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланған болатын. Мазмұнды мақалада, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек, -делінген. Күллі адамзатқа қауіп төндіріп тұрған коронавирус дертінмен күреске байланысты төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру ұлттық болмысымызға тән, жарасымды үрдіс екені анық,»- дейді орталықтағылар.
Қайырымдылық шарасына «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты да атсалысыты. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы төрт аудан Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы 100 жанұяның тізімі нақтыланды.Осыған сәйкес ұйымдастырушылар қажеттілікті ескере отырып тұрмыстық жиі тұтынатын: ұн, қант, ақ май, макарон, гречка, шай, печенье, тәттілердің 100 азық-түлік себетін әзірледі.
Акция аясында ерікті жастардан жасақталған белсенділер қауіпсіздік ережелерін сақтана отырып, аталған азық-түлік себеттерін жанұяларға таратты. Айта кетейік, жыл басынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында осы уақыт аралығында 500-ден отбасыға көмек берілді.
Пікір қалдыру