Түркістан: жалған ақпарат таратқандар анықталып жатыр

Әлеуметтік желілерге таралып кеткен жазба, яғни Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жағдайға байланысты «Ешқандай шығын жоқ» деп мәлімдеме жасады делінген хабарлама шындыққа жанаспайды. Негізінде облыс басшысы Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдарда адам шығыны жоқ деп мәлімдеген. Өмірзақ Шөкеевтің халыққа бейнеролик арқылы жасаған мәлімдемесін терісінен оңғартып алғандар су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға шығын жоқ деп айтқандай етіп көрсеткісі келген.  Жалған ақпарат таратып, ел арасында іріткі салғысы келгендерді қазір құзырлы органдар анықтап жатыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл ретте Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Өмірзақ Естайұлының Мақтаарал ауданындағы су тасқынына қатысты халыққа бейнеролик арқылы мәлімдеме жасаған болатын. Әлеуметтік желіде кеңінен жарияланған бұл мәлімдемеде облыс басшысы «Шығын жоқ» деген сөзді «адам шығыны жоқ» деген бағытта айтқан болатын.
Дәлел ретінде назарларыңызға бейнероликтен үзінді ұсынамыз,»- хабарламада.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*