Шымкентте тағы 4 адамнан короновирус анықталды

Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бүгін 10-мамыр күні  4 жағдай тіркелді (10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша).  Аты жаман індеттің тырнағына іліккендердің үшеуі жұқпалы респекторлы вирусты инфекциясымен дәрігерлерге қаралған. Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туылған азаматтар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал 1955 жылы туылған ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Сөйтіп карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Алынған сынамалар нәтижесі оң көрсеткішті көрсеткен.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Ақ халаттылар қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді. Барлығы да бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Төрт науқас азаматпен қарым-қатынаста болған адамдар анықталған. Барлығы дамедициналық бақылауға алынуда. Науқастардың тұрғылықты мекен жайы бойынша залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Яғни ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
10.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*