Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

Шымкент қаласында жаңа үлгідегі аялдамалар орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай көлемдегі аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкен көлемдегісі 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарланып отыр.
Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді. Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы үшін алдама және қоғамдық көлік мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі.

Еліміздің үшінші мегаполисінде орнатылуы тиіс жаңа аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарып отыр. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы айналшықтап паналамауы үшін жасалған.
Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша  шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады. Тиісті мекеме өкілдері бұл бағытта жұмыс істеп жатыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*