Түркістан: Пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленеді

Короновирус пандемиясы кезінде індеттің тырнағына ілігіп көз жұмған Түркістан облысының дәрігерлерінің отбасыларына жәрдемақы төленеді. Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған болса, оның 24 емделіп шықты. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, облыста 5 дәрігер көз жұмды. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы берілетін болады.
Бұл туралы облыс әкімі Ө. Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен олардың әрқайсысына алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз»,- деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн. теңге берілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*