Түркістан: Жастар практикасына 4500 түлек қатысты

Түркістан облысында төрт жарым мыңнан астам түлек жастар практикасына қатысты. Түркістан облысында биыл 6500 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланған. Тамыз айының 1-не дейін 1360 кәсіпорынға 4571 азамат (70,3%) жолданса, оның 800-і мерзімін аяқтаған, ал 117-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Ал, 2019 жылы жоспар бойынша 5435 жас практикадан өту керек болса, 1858 кәсіпорынға 6783 адам қабылданған. Оның 6637-сі мерзімін сәтті аяқтаса, 2274-і бағдарламаның көмегімен тұрақты жұмысқа орналасқан.
Негізінен жастар практикасы жобасы білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арнайы қолға алынған. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл мерзім ішінде жіберіледі.
Жоғары оқу орнын бітірген түлектер жастар практикасынан 6 ай жүріп өтеді. Тиісінше қатысушы жастарға ай сайын еңбекақысы төленеді. Жастар практикасына қатысу үшін ең алдымен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелу керек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*