ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 260 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАҒЫТТАЛҒАН

э

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд.тенге құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өскен. Аталған соманың 41,5%-н жеке инвестициялар құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді.
«Өңірде Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн. теңге сомаға 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны құрылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд. теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды», — деді басқарма басшысы.
Айта кетерлігі, аймақта облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді.
Сондай-ақ, облыста инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігі жұмыс істейді. Ол инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және «бір терезе»қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. 2020 жылы жүзеге асқан 9 жоба «Turkistan Invest» агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*