Шымкент қаласында Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды.
20 қаңтарда ірі жолайырық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және жол жамылғысын салу жұмыстары орындалатын болады. Құрылысты «Bazis Construction» ЖШС жүргізеді. Қазіргі уақытта нысанда газ, су құбыры және электр желілерін ауыстыру, сондай-ақ тоннельдегі тіреу қабырғаларын құю бойынша құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Бүгінге дейін 26,5 шақырым инженерлік желілердің 3,4 шақырымы немесе 13 пайызы ауыстырылды. Инфрақұрылымдық желілер жол төсемінен бөлек орналасады. Электр желісінің он бағанасының жетеуі, құйылуы тиіс 105 қадалардың 75-і, болашақ тіреу қабырғаларының 986 метрінің 50 метрі орнатылды.
Екінші кезең құрылысының басталуымен Қонаев даңғылында Жандосов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек даңғылында Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін қозғалыс толығымен жабылып, ашық типтегі тоннель бөлігінің құрылысы басталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру