ШЫМКЕНТ: ЫҚПАЛДАСТЫҚ-ІЛКІМДІ ІСТЕР КЕПІЛІ

Канвассинг — бұл қоғам белсенділері мен қайраткерлері, әйгілі азаматтары – жалпы қоғамға белгілі бір, оң ықпал бере алатын адамдармен жеке-жеке жүздесу форматында ұйымдастырылатын кездесулер. Мұндай кездесулер әсіресе елдегі парламенттік және барлық деңгейде өткен соңғы сайлау науқанынының үгіт-насихат кезеңінде көптеп ұйымдастырылып, танымалдылыққа ие болды. Сол кезде депутаттыққа үміткер азаматтардың үгіт-насихатының арқасында аталмыш тұлғалардың және олардың ізбасарларының «Nur Otan» партиясына деген оң көзқарасы қалыптасып, бес жылдық сайлауалды бағдарлама толыққанды түсіндірілген болатын.
Қазіргі таңда да бұл кездесулер санын сейілтпей, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қалалық мәслихат депутаттары қоғам қаймақтарымен, қадірлі азаматтармен канвассинг өткізуде. Онда партия тарапынан атқарылып жатқан бірізді жұмыс, партиялық жобалар мен сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша жол карта таныстырылып, түсіндірілуде.
Осындай кездесулердің бірін қалалық мәслихат депутаты Наргиза Керімбаева KIMEP университеттің өкілдері – басқарушы кадрларға білім беру орталығының деканы Др Надим Халид және кадрлар жөніндегі білім беру орталығының директор орынбасары Эльмира Абитовамен өткізді. Кездесуде мүмкіндіктер уақытындағы білім берудің, өзін-өзі дамытудың және инновацияның маңыздылығы жайында мәселелер талқыланып, өзара ойалмасу болды.
Тағы бір канвассинг 18 ақпанда Эразмус + Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Тасболатовамен және кеңсенің жоба менеджері А.Мылтықбаевамен өтті. Оны «Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаты Дариякуль Қожамжарова ұйымдастырды. Жиында Эразмус + бағдарламасының «Жоғары білім берудің әлеуетін арттыру» компоненті аясында жобалар мен бағдарламаның жастарға беретін мүмкіндіктері жайлы әңгіме болды.
Достық пен ағайындық байлықтан қымбат болған халқымыз үшін этно-мәдени бірлестіктердің жөні әрқашан бөлек. Осы орайда кезекті канвассинг татар-башқұрт мәдени орталығының төрайымы Асия Эриковнамен бірге өтті. Кездесу барысында Шымкент қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Сайлауалды бағдарламасының орындалуы және партиялық жобалар мен партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәдени орталықтың төрайымына жан-жақты баяндады.
Канвассинг кездесулер келешекте кемімейді, көбейеді. Осылайша зиялы қауым өкілдері де партия жұмысы мен жобалары жайынан әркез хабардар болып отырады. Бұл өз кезегінде, өңірдегі және республика деңгейіндегі түйткілді мәселелерді шешуде бірлестік пен ықпалдастыққа әкеліп, ілгерілеу мен ілкімді істердің кепілі болмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*