ШЫМКЕНТ: «СӨЗ МЕНЕДЖМЕНТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ғимаратында халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып, сөйлеу шеберлігін арттыратын «Сөз менеджменті» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шара мақсаты мемлекеттік қызметкерлер және халықпен тығыз байланыста жүрген тұлғалардың, сондай-ақ жастардың көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін дамыта отырып, қазақ тілінің қадір-қасиетін насихаттау. Рухани жиында сондай-ақ, сөз өнерінің асқақ шыңына жету мен қазіргі заманның тілге қатысты ауқымды мәселелері талқыланды.
Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орыныбасары Мұратәлі Қалмұратов, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ кітап сүйер қауым қатысты.
Кітап авторы, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, «Сөз қадірі – өз қадірің» курсының тәлімгері, тележүргізуші Жандарбек Бұлғақовтың айтуынша: «Сөз менеджменті» кітабы – жаңа заман сұранысынан жазылған туынды. Әртүрлі мамандық өкілдері кітапта көрсетілген тәсілдерді қолдану арқылы ойын орнықты, сөзін көркем жеткізе алатын деңгейге қадам жасайды».
Жиын барысында қала әкімдігіне 2000 дана кітап сыйға табысталды.
Тұсаукесер рәсімінде «Қазақ» радиосының дикторы, «Алтын дауыс» иегері Мұхамедали Бухарбаевта құттықтау сөз сөйлеп, осындай кітаптың ауқымдылығы мен қоғам қажеттілігі жайында ойын білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*