24 қараша 2021 жылы аймақтық бизнес ортасындағы серіктестіктері және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен серіктестік жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды.
Университет басшылығы Шымкент қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен» және «Абаил өндіріс» ЖШС, «Шымкент Металлургиялық Компаниясы-ШМК» ЖШС, «Оңтүстік Қазақстан металлургиялық Компаниясы» ЖШС, Қытай-Қазақстан Марганец индустриалды Группасы ЖШС мен меморандумға қол қойды.
Бұл ортақ келісім NurOtan партиясының әлеуетті күшейту, экономиканы дамыту секілді маңызды бағдарламаларына тікелей әсер етеді.
Шымкент қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», Университет және Шымкент қаласындағы жұмыс берушілер арасындағы үш жақты меморандумның мақсаты жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарға белгілі кәсіптік білімі бар жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беріп, жаңа технологияларды меңгеру және шетелдік мамандарды жергілікті мамандармен ауыстыру мүмкіндігімен, сондай-ақ жұмыс берушілердің қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізу.
Дария Қожамжарова
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«NurOtan» партиясы фракциясының мүшесі
Пікір қалдыру