«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» ЖОБАСЫ ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

«AMANAT» партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында «Ауыл — ел бесігі» және «Дипломмен  ауылға» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Комитеттің мәліметінше, «Дипломмен ауылға» жобасы іске қосылған 12 жылдың ішінде 85 мыңнан астам маман 14,1 млрд.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған.  Ал 40 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 123,5 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие берілген.

Халық қалаулысы М2ди Ахметов   «Дипломмен ауылға» жобасына қатыспайтын моноқалаларға тоқталды.  Ол облыс орталықтарынан және басқа да ірі қалалардан 500 км-ден астам қашықтықта орналасқан Державинск және Мамлютка қалаларындағы жағдайды мысалға келтірді.

Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы 2020-2022 жылдары «Ауыл-ел бесігі» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тексеру жүргізді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 63 ауылда 102 жобаны жүзеге асыруға 15,2 млрд теңге бөлінген. Екі жылда 34 білім беру, 10 денсаулық, 9 мәдениет нысаны және 35 ауылда 226 шақырымнан астам ішкі жол жөнделген. Бұл ретте бірқатар түйткілді мәселе бар. Мәселен, Афонькино ауылында мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде көп қателік орын алған.

Ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай,  жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. «Дипломмен ауылға» жобасын қайта жандандыру елдің әлеуетін арттыруға, халықтың тұрмысын жақсартуға таптырмакс жоба, Себебі ауылды жерлерде мамандар жетіспейді. Білікті мамандар тарту арқылы ауылдың жағдайын реттеуге болады, әрі, өзінің отбасылық экономикасына да әсері бар.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшес

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*