Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтарды тазалау жұмыстары атқарылды.
Жалпықалалық сенбілікке Қаратау ауданынан «Қаратау» КММ-і 130, 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытып, қала көркі мен тазалығына күш салды. Ал, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника тартылды.
Еңбекші ауданынан «Еңбекші» КММ-і 123, «Группа Интеко» ЖШС-інен 250 жұмысшы мен 23 техника, «Жасыл Ел» ЖШС-інен 32 жұмысшы, 4 техника қатысса, 700-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытты.
Ал Абай ауданынан «Абай» КММ-і 120, жергілікті мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындары жұмылды. 14 арнайы техника атсалысты.
Сондай-ақ, Тұран ауданында үш мыңға жуық аудан аудан тұрғындары атсалысты. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің тұрғындары, мектеп ұжымдары, бизнес нысанының иелері және елдімекен тұрғындары қатысты. Он техника тартылды.
Әл-Фараби ауданының тазалығына жауапты «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелер жұмысшылары, Теріскей шағын ауданы көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі мен Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Дача-Қайнарбұлақ саяжай аумағында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында кең ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, […]
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнұр Ақжігітқызы Әділет органдарындағы цифрлық жүйеге өткен қызметтер мен жаңашылдықтар туралы ақпараттармен бөлісті. Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға […]
Қаламыздағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешім өзгерді. Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы тиіс. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Сонымен қатар, аталған […]
Пікір қалдыру