Бүгінде ел кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне бастады.Қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 3 378 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы соммасы 11 миллиард 1,1 миллион теңгені құрап отыр.
Бұрын бизнесті тіркеуден бастап, оған тиісті рұқсаттама-құжаттарды алу мәселесі, тағы да басқа әкімшілік кедергілер көп болатын.
Ұлттық жобада шағын кәсіпкерлер, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері алатын несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көзделген.
Мұндай кәсіпкерлерге берілетін несиенің шекті соммасы 3 миллиард теңгеден, ал, несиелеу мерзімі 5 жылдан аспауы шарт. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкі белгілеген базалық ставкаға 5 пайыз қосқандағы көрсеткіштен аспауы тиіс. Оның 13,75 пайызын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкердің өзі төлейді. Оған қоса ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру тетігі де қарастырылған.
Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменінің бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша 3 021 жобаға 10 миллиард 921,9 миллион теңге қолдау көрсетілген. Ал, банк несиелерін ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 357 жобаға 939,2 млн. теңге қолдау көрсетілген.
Айта кетейік, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсынуды қазан айында өткізу жоспарлануда.
Терроризм и религиозный экстремизм остаются одними из самых опасных вызовов современности. Эти угрозы не знают границ и способны подорвать безопасность целых государств. Борьба с ними требует комплексных мер, слаженной работы всех служб и активного участия […]
2025 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттардың алдын алуға бағытталған. Мақсат – әрбір адамның өмірін қорғап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің […]
В Шымкенте инспекторы группы по противодействию семейно-бытовому насилию отдела местной полиции управления полиции Аль-Фарабийского района совместно со специалистами Молодёжного ресурсного центра провели широкомасштабное профилактическое мероприятие. Его главная цель — сформировать в обществе нетерпимость к любым […]
Пікір қалдыру