АТА ЗАҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗҒА АЙНАЛДЫ

Тәртіп жоқ жерде кісінің бір жұмысты тиянақты атқаруы, алға қойған мақсатына қарай сеніммен қадам басып, табысқа жетуі екіталай. Тіпті, өз отбасымызда да белгілі бір ережелер мен тәртіпті сақтамасақ, шаңырағымызға шаттық пен берекенің орнасы анық. Ал, енді мемлекеттің деңгейінде алып қарасақ, еліміздің жеткен барлық жетістіктерінің негізінде де сол тәртіп, яғни, Қазақстан Республикасының заңдары жатыр.

Заң бізді қорғайды, біздің қоғам алдындағы борыштарымыз мен міндеттерімізді нақты анықтап береді, заң бізді тәртіпке үйретеді. Демек, Ата Заңымыз — біздің құқығымыз бен еркіндігіміздің кепілі ғана емес, барлық елдік істеріміздің де қайнар бастауы.

Өзінің 28 жылдық тарихында Қазақстан Республикасы Конституциясы шын мәнінде өміршеңдігін көрсетті. Ол құықтық-әлеуметтік функциялармен қатар үлкен тәрбиелік қызметті де атқаруда. Яғни, Констиутциямыз жастарды ғана емес, барлық қорғам мүшелерін тәрбиелейеп, құқықтық сананы қалыптастыруда. Баршамызды адал өмір сүруге, адал еңбек етуге, қоғам, Отан, отбасымыздың алдындағы борыштарымызды айқындап, заңға, тәртіпке бағыну дағдыларын қалыптастырады.
Осылайша, Ата Заңымыз қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тарихымыз бен ел бірлігі қатар тұратын шын мәніндегі жалпыұлттық құндылыққа айналды дей аламыз.
Конституция күні мерекесі құтты болсын! Ата заңымызда көрсетілген құндылықтар мен қағидалар бәріміздің өмірлік ұстанымымызға айналып, қоғамымызды бірлікке пен тұрақты дамуға және лайықты өмірге жетелесін.

 

Дінмұхамед ЕСКЕНДІРОВ,
Шымкент қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*