«ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Енді ел тұрғындары сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдететін «Цифрлық нотариат» жобасын таныстырды. Осылайша, Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық фор­матқа аударған әлемдегі алғашқы мемле­кеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда сенім­хаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режім­де қолжетімді екен.  2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бекітіліп, Республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта мүлікке билік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, барлық сенімхаттарды цифрлық түрде куәландыруға болады. Мысалы, әділет органдарында келесі нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуге жатпайды:
— Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт;
— қауымдық сервитуттарды белгілеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер;
— әкімшілік-аумақтық бірлікке, құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілер;
— мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;
— мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілер;
— мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік құқықтық шешімдеріне.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*