Бүгін, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің бастамасымен «Достық үйі» ғимаратында «Корей этносының мәдениеті күні» іс-шарасы өтті.
Мерекелік іс-шараға қалалық ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан өңірлерінен келген корей этникалық қауымдастығының өкілдері, қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қалалық «Арофат» мектеп-гимназиясының ұжымы, қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шарада корей этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылып, корей этноқауымдастығының өкілдері әзірлеген деректі фильм көрсетілді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласындағы 1 миллион 210 мыңнан астам тұрғынның 29,1%-ын этнос өкілдері құрайды. Қалалық ҚХА маңайына топтасқан 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым ел бірлігіне бағытталған жұмыстарға жұмылдырылған.
Елімізде Қазақстан кәpiстеpiнiң қаyымдастығы 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Қауымдастық кәpiс тiлi мен салт-дәстүpлеpiн қайта жаңғыpтy, кәpiс халқының мәдениетiн, өнеpiн, әдебиетiн дамытy; Қазақстандағы демокpатиялық, құқықтық мемлекет құpy үдеpiсiне коpей этносының белсендi аpаласyын қамтамасыз етy, халықтаp аpасындағы достықты нығайтy, халықаpалық мәдени-экономикалық байланыстаpды дамытy бағыттарында жұмыс істейді.
Шымкент қаласының қоғамдық – саяси дамуында жарқын із қалдырған корей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Алғыс хаты табысталды.
Пікір қалдыру