Шымкент қаласы Тұран ауданында қазіргі уақытта жалпы 366 балалар ойын алаңшасы бар. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 20 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда 9 балалар ойын алаңшасы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлы үйлер көшесінің бойында пайдалануға берілді. Бүгін Тұран ауданында да жағымды жаңалықтардың лебі есті. Астана күні мерекесі қарсаңында ауданда 3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары 1 ай көлемінде жүргізілді, Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын. Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды. – Биылғы жоспар бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 52 ойын, 24 спорт алаңшасы, 6 тренажер залын орнату көзделген. Осы мақсатта бюджеттен 476 миллион теңге қаражат қарастырылған. Жоба аясындағы жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. Атқарылған жұмыстарға келсек, біздің ауданда биыл ойын алаңшаларынан бөлек 25 аула жарықтандырылды. Қазіргі таңда жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жоспардағы жұмыстар қазан айының 1-не таман аяқталмақ. Аулаларды абаттандыру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
Олар:
1. Бәйдібек би даңғылы № 246;
2. Отырар шағын ауданы № 52 үй;
3. Жарқымбеков көшесі № 17 үй;
4. Ақжар шағын ауданы, атауы жоқ көше;
5. Ақтас шағын ауданы, жаңақұрылыс аумағы;
6. Арғымақ шағын ауданы, атауы жоқ көше;
7. № 112 орам (Мангельдин № 40 үй)
8. Құрсай шағын ауданы, Ұзынағаш көшесі;
9. Құрсай шағын ауданы, Құлаңтөбе көшесі.
Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 11 балалар ойын алаңшасы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Пікір қалдыру