ШЫМКЕНТТІҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Олардың бірі еңбекте белсенді қызмет етсе, бірі спорттық сайыстарда, енді бірі өнер саласында танылып жүр. Өңір жастарының жастық жалынның арқасында жақсы істерімен ел дамуына айтарлықтай қосқан өз үлестері де бар.
Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров көпшілікті келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жоба жеңімпаздарына 1 млн тг көлемінде қаржылай сертификаттарды табыс етті.
-Ең алдымен осы жобаларға қатысуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Грант иегерлері инновациялық, әлеуметтік және басқа да бағытта өз жобаларын ұсынды. Комиссияның шешімімен үздіктерді анықтадық. Өздеріңіздей азаматтық ұстанымы белсенді жастар барда еліміз одан әрі дами түсетініне сенімім мол. Жастар — біздің болашағымыз. Біз сіздердің әрбір бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз, — деді С.Әбілхайыров.
Дәстүрлі «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы бойынша биыл 5 жеңімпаз анықталды. Ал “Жас волонтер” байқауында үздік 3 жоба іріктелді. Атап айтқанда, ерікті жастардың тазалық жобасы, балалар футбол лигасы және супер волонтер кітабы жобалары үздік деп танылды.
Сондай-ақ, күн батареялары, қадамдық қуат, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу және анимациялық фильмдерді дыбыстау жобасы бойынша үздіктер анықталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*