СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Шыныққан жанның шымырлығын көрсетер, жаттыққан спортшының жігерін жағар сайыс басталды.  Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектепте спорттың 5 түрінен 44 команда (волейбол, үстел тенисі, кіші футбол, шахмат және тоғыз құмалақ) өзара бақ сынасуда.
Турнирге қаламыздың шалғай елді мекендерінің жастары қатысып жатыр.
Жобаның мақсаты: шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру; спорт түрлерін оқушылар арасында насихаттау;
жастар арасында нашақорлыққа және есірткі қарсы күресті насихаттау;
Жастарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы жобалар сан қырлы. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламыздың шалғай елді мекендерінің жастар үшін спорттық жарысы ұйымдастыру қолға алынды.
Нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді.
 Білекті де жүректі жастар сы­на­лар байқауға аудандардың кіл мықтылары қатысты. Әрбір жакоманда жеңіске ұмтылды, күш­тіліктерін, ептіліктерін көрсеткісі келді.
Спорт – ұлт саулығының кепілі. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар ететін спорттың құдіреті қашанда жоғары.
Түрлі елдімекеннен жиналған жалынды жастардың ешқайсысы да осал емес. Бір-бірімен жауластыру емес, бауырмалдық орнатып, күші мен жігерін сынау.
Бүгінгі турнирдің жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*