Қала әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында түскен тұғындардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, М.Мәметова атындағы №35 орта мектептің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Қала басшылығы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде: 371 шақырымы (44 %) – асфальт, 360,3 шақырымы (42,6 %)-шағал тас, 113,7 шақырым (13,45%) — топырақ жол. Жыл басынан бері қала ішіндегі […]
Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу 95 пайызға аяқталып қалды. Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түркістан және Кентау қалаларын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөндеу жұмыстарымен […]
Сапалы жол- елдің игілі үшін. Шымкентте жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтуде. Бүгінде 14 жылдан бері жөндеу көрмей тозы шыққан Дулати көшесі жаңарды, яғни Рысқұлов-Тәуке […]
Пікір қалдыру