АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысын бақылады.
Аталған орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар І-ІІ топ мүгедектеріне стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және педагогикалық 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Қазіргі таңда 240 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда. Орталықта 55 бейнебақылау орнатылған. Жалпы аумағы 0, 946 гектарды құрайды. Бүгінде арнаулы әлеуметтік орталықты күрделі жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр.
Орталықтың жағдайымен танысқан қала басшысы жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кез келген мезгілде ыңғайлы болу үшін спорт алаңшасының шатырын орнату бойынша нақты тапсырмалар берді.
Адам құқығы кез келген құқықтық демократиялық қоғамның ең басты құндылығы болып саналады. Сондықтан, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау – мемлекеттің қасиетті борышы. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар қосымша өкілеттіліктер берілген. Бүгінде қолданыстағы заңға сәйкес, омбудсмен конституциялық сотқа адам құқығы және еркіндігі бойынша нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселелері бойынша жүгіне алады. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, мекемелер мен азаматтар арасындағы дауларды реттеу бойынша қоғамдық диалогтарға қатыса алады. Заң бойынша, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдарға есеп бермейтін тәуелсіз орган болуы тиіс. Оны куәгер ретінде тергеуге де болмайды.
Сарапшы мамандардың пікірінше, омбудсменге осындай өкілеттіліктердің берілуі – еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл реформалар елімізде құқықтық-демократиялық қоғамның нығая түсуіне оң ықпал етеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*