ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ҚАСПЕТІ ӨЗГЕРГЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Бүгінде Ғ. Иляев көшесіндегі № 113/5 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі жауаптылармен бірге нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады.
Күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында тұрғындар келісімімен қайтарымды қаржы негізінде басталған болатын. Қазіргі таңда үйдің қасбетін толығымен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Осыған дейін күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Өндірістік кестеге сәйкес қараша айының соңында жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Қала әкімі тұрғын үй, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының басшыларына үйдің сырт келбетін жөндеу барысындағы кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ балалар, спорт алаңшаларын салуға жер телімдерін қарастырып, ирригациялық жүйелерді орнатуды жүктеді.
Биыл Шымкент қаласында тұрғын үйлерді модернизациялауға 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, 11 тұрғын үйге ағымдағы, 25 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  «Тозығы жеткен үйлер реновация бағдарламасы арқылы шешімін табады. Бағдарламаның мақсаты – авариялық тұрғын үйлердің артуына жол бермеу және жаңа қалалық ортаны қалыптастыру. Оны іске асыру кезінде жайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген, аралас функциясы бар қалалық ортаның Жаңа жоспарлау құрылымын құру; энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді салу, оларды пайдалану шығындарын азайту; экологиялық жағдайды жақсарту; инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту; Шымкент қаласының қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру көзделіп отыр» — деді жауаптылар. Сонымен бірге, қала тұрғындарын көп қабатты тұрғын үйлерге арналған жаңа басқару жүйесіне өтуге шақырды. Жай серіктестік немесе пәтер иелерінің бірлестігін құру арқылы тұрғын үйдің тазалығын, жөндеу жұмыстарын шешіп, ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік туатынын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*