БҮГІНГІ ЖАС — ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Адам өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Бірінші келешекте күнделікті ісіңе айналатын мамандық таңдауда, екінші өмірлік серігің жар таңдауда жаңылыспау қажет. Бүгінде еліміздің еңбек нарығында сұраныс аз қаржыгер, заңгер, экономист секілді мамандықты игерген жастар өте көп. Бірақ, олардың дені я өзге салада жүрсе, қалғаны жұмыссыздардың қатарында. Жалпы жоғары оқу орнының дипломы сандықтың түбінде жататын әжелердің сарқыты емес, ол жас маманның тұлға ретінде қалыптасып, еңбегінің жемісін көруге жетелейтін жолдамасы
Абай ауданы жастар ресурстық орталығы №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел мақтанышы» тақырыбында түрлі сала мамандарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Жастарға мамандық таңдау мен дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында өткен жиынға Тұран ауданы әкімдігінің маманы Сахов Мадияр, теолог Беккудов Серік, Шымкент қаласы психикалық ауруханасының наркологы Раушан Асановна және Тұран ауданының учаскелік полиция инспекторы Иляс Серікболсын қатысты.
-Біз – Тәуелсіз елдің саналы ұрпағымыз. Кешегі тарих — бүгінгі жастарға үлкен аманат. Себебі, бұл жолда ел мүддесі үшін жасалынған қаншама тер мен еңбек жатыр. Өздеріңізді жат дүниелерден аулақ ұстап, дұрыс білім мен тәрбие алуларыңыз керек, — деді аудан әкімдігінің маманы.

Өз кезегінде оқушылар да мамандарға өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Әсіресе, оларды жолшылардың жалақысы қызықтырды. Осы орайда айта кету керек, жол саласы мамандары еліміздегі ең жоғары жолақы алатын 5 саланың қатарына енеді! Тағы бір ескеретін маңызды фактор, жол құрылысы ешқашан жойылмайтын, өміршең мамандық!

Осы орайда, жоғары деңгейде керемет жүздесуді ұйымдастыруға қолдау білдірген облыстық білім басқармасына және дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» мектебінің директоры\ орталық ұжымы атынан айрықша алғыс білдіреміз!

Сондай-ақ спикерлер жиын барысында өздері қызмет атқаратын сала бағыттарында бірқатар ақпараттармен бөлісті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*