ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНДА 39 АЛТЫН, 43 КҮМІС, 46 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары нысаналы индикаторларымен ерекшеленеді. Соның ішінде спорт саласы бойынша белгіленген жоспарды орындау 4 бағытта жүргізіледі. Ең алдымен Шымкент қаласы әкімдігінің алдында дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50%-ына дейін жеткізу мақсаты тұр. Бұл бойынша 2022 жылғы меже 35,9% болса (396 336 адам), нақты іске асырылғаны – 36.2%-ға (402544 адам) жеткен. Яғни жоспар артығымен орындалды деген сөз.
Шымкент қаласында жоғары спорт жетістіктерін дамытуда жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Биыл он айдың қорытындысы бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінен 602 алтын, 469 күміс, 539 қола медаль жеңіп (жалпы 1610 медаль) алды.
Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 87 алтын, 81 күміс және 69 қолаға қол жеткізді. Ал осы уақыт аралығында Әлем чемпионаттарында 39 алтын, 43 күміс және 46 қола медальге ие болды. Қазіргі таңда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетсек, ҚР Ұлттық құрамалары сапында 1111 спортшы және Шымкент қаласының құрама командасы сапында 3813 спортшы оқу-жаттығу жиындарына шақыртылған. 2023 жылға арналған республикалық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, жерлестеріміз халықаралық және республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу жиындарында және рейтингтік жарыстарға қатысуда.
Енді спорт саласында мегаполистің жет­кен жетістіктері туралы баяндасақ, мы­­салы ұлттық және ат спорт түр­лері бойынша кешенді спорт клубында 1-конкур бөлімі ашылып, қазір онда 16 спортшы шұғылдануда. Сол секіл­ді №16 олимпиадалық резервтің маман­дан­ды­рыл­ған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 3-батуттық гимнастика бөлімі жаңадан жұмысын бастап, 29 гимнасшы сонда жаттығып жатыр. Бұдан бөлек, жан басына шаққанда қаржыландыру бағ­дар­ла­масы аясында 87 спорттық секция өз қызметтерін ұсынып, соның шеңберінде 3 715 бала спортпен тұрақты шұғылдануға мүмкіндік алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*