Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласына әкім болып тағайындалғалы тынымсыз қаланы аралап жүр. Ондағы мақсаты шаһардағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, маңызды мәселелермен етене танысу болса қажет. Аңғарған болсаңыздар, әлеуметтік желідегі парақшасы мен баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда кабинетте отырғанынан гөрі, Шымкент көшелерін аралап жаяу жүрген суреттері басым.
Иллюстрациялық суреттер қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Физикалық жағдайы анау-мынау спортшыға дес бермейтін, қалабасы Шымкентті күндіз де, түнде де аралайды екен. Осындай бір «іс-сапары» барысында Ғабит Әбдімажитұлы сала мамандарымен бірге 17 шақырым жолды жаяу басып өтіпті. Қызығы сол, әкіммен бірге ерген басқарма басшылары, аудан әкімдері, аппарат қызметкерлері сол бір «қызметтік марафоннан» кейін дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Демек, қала әкімдігінде қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер салауатты өмір салтын ұстанады деген сөз.
Пікір қалдыру