Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан индустриалды аймақта «Казкрахмал» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүгеріні терең өңдеу кешені жобасы жүзеге асуда. Жоба 2 кезеңнен тұрады.
1 кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері кіреді. Ал 2 кезең бойынша 2024-2025 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын жүргізіп, 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Зауыт жылына 150 000 тонна жүгеріні қабылдап, өңдеуді көздейді. Өңдеу нәтижесінде жүгері дәнінен 26 түрлі өнім шығарылады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Шардара және көршілес аудандардан 3 мың тоннаға жуық қана жүгері қабылданған. Бұл – зауыттың толық іске қосылуы үшін шикізаттық базаның жеткіліксіздігін көрсетеді. Алдағы уақытта Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында жүгері алқаптарын көбейту көзделіп отыр.
2025 жылғы 19 мамыр күні аудан әкімі Арман Қарсыбаев «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңартылған жұмыс орнымен танысты. Бұл іс-шара – өңірдегі әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі ретінде айрықша маңызға ие болды. Орталыққа жасаған сапары барысында […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты. «Тұрғын үй-қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында кондоминиум құрылып, тұтастай жаңарған үйлердің […]
Соңғы жылдары Шардара ауданы Түркістан облысындағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Әсіресе ауданның туристік әлеуеті жыл сайын артып, Шардара су қоймасына келушілер саны еселеп көбеюде. Бұл өз кезегінде аудан басшылығы мен жергілікті билік […]
Пікір қалдыру