Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға ниетті. Кездесуде аудан әкімі жобаны іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, мүмкіндіктер барын талқылады. Түрік инвесторлары Шардара ауданының мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп, жобаны алдағы уақытта іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар аталмыш бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге келісті.
Ұқсас жаңалықтар
Шардара ауданында 9 айда 2 миллиардқа жуық ауылшаруашылығы өнімі өндірілген
Шардара ауданында биылғы жылдың есепті мерзімінде 18962,6 млн. теңгенің ауылшарушылығы өнімдері өндіріліп, НКИ 107,1 % құраған. Сонымен қатар, осы жылы аудандағы 64000 гектар суармалы жердің 59300 гектарына ауылшаруашылығы дақылдары егілді. «Даму бағдарламасының» жоспарына сәйкес, 700 […]
Түркиялық компания Түркістан облысында қой шаруашылығымен айналыспақ
Түркістан қаласына Туркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 млн. АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 млн. АҚШ долларына кірпіш зауытының құрылысын […]
ОҚО-да өзбекстандық инвесторлар тұрмыстық газ плитасын құрастыратын цехты іске қосты
Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Таяуда ғана Мемлекет басшысының Ташкентке жасаған ресми сапарында да жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Енді екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық техника яғни газ плитасын шағаратын цех іске қосылды. «Бадам» индустириалды аймағындағы жаңа кәсіпорынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев арнайы аралап, жұмысымен танысып шықты. Жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы жобаның […]
Пікір қалдыру