ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Аспан асты мемлекеті мен Қазақстнның арасында экономикалық байланыс нығая түспек. Қытайға сапар барысында Түркістан облысы әкімі бастаған делегация Қытайдың Сиань қаласына арнайы барды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді.

— Біз екі өңір арасындағы өзара байланысты арттыруға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылады. Баршаңызды киелі Түркістан өңіріне шақырамын, – деді облыс әкімі.

Облыстың өндіріс саласына ден қойғаны белгілі.  Қытай инвесторларына Түрістанның өндіріс саласына қолайлылығы сондай-ақ, кәсіпкерлерге жасалатын түрлі жеңілдіктерді түсіндіріп, жан-жақты баяндап берді.

Айта кетейік, өңіріміз егін шаруашылығына машықтанған. Көкөністер мен жемістерді еліміз бойынша көптеп өсіретін Түркістан облысы десек қателеспейміз. Тек Қазақстан аумағын ғана емес шет елдерге экспорт жасап жатқан жайы бар. Енді сол өнімдерді ұзақ әрі сапалы сақтау үшін жағдайы жасалған қойма қажет болады. Сол қойманы қытайлық инвесторлар салуды жоспарлап отыр.  Жергілікті көкөніс пен жемістің сату мерзімін ұзарту мақсатында Shaanxi Foreign Economic and Trade Group компаниясымен меморандумға қол қойылды. Жоба құны – 1,6 млн АҚШ доллары. Құрылыс 3 кезеңнен тұрады. Нәтижесінде Түркістан облысында еліміздегі ең ауқымды көкөніс қоймаларының бірі салынады.

Үкімет отырыстарының бірінде  жалпы сыйымдылығы 2 млн тоннаға жуық көкөністер мен жемістерді сақтайтын 1200-ден астам нысандар бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Оның үстіне оның көбісі әбден ескірген. Жаңа көкөніс қоймалары қажет. Азық-түлік қамтамасыз ету жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру қажет екені айтылған болатын.

Қытайлық инвесторлардың жоспары уақытында орындалып, көкөніс қоймасы салынса, жаз маусымындағы жеміс пен көкөністерді жыл көлемінде сақтақтауға мүмкіндік болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніндегі қордаланған проблеманың бірі азық-түлік бағасы мен оны бөліп-таратудың тиімсіздігі деп атап өтті. Сонымен бірге көтерме тарату орталықтарын құру бойынша берілген тапсырманың орындалу жайын айтқан болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*