Жаңа цехтағы барлық технологиялық процесс сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік қабатта химиялық, бактериологиялық зертханалардың орналасуы өнім сапасын жан-жақты тексеруге аса қолайлы болуда.
Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа зауыт заманауи өндірісте қолданылатын көп сатылы су тазарту жүйесі судың мінсіз сапасына кепілдік береді. Су зауыт аумағында орналасқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынады. Итальяндық технологиямен тазартылады. Су сапасына АҚШ және Италияның атақты зертханаларының сапа қорытындысы берілген.
Жаңа жобаның жалпы құны – 7 млрд 600 млн теңге. Зауыт соңғы үлгідегі неміс технологиясымен жабдықталуда. ЖШС-інде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды зауыт басшылығымен және жауапты сала жетекшілерімен кездесіп, өндірістік инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жұмыс барысын талқылады. Жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Атап айтқанда, электр желісі және газ құбыры 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Сонымен қатар кәріз жүйесі мен оны тазарту қондырғысының жобасы іске асып жатыр.
Аталмыш өңірде бұдан өзге жеміс-жидек шырыны мен консервілеу кәсіпорыны бар. Және де көпшілік тұтынып жүрген таза АQUA сусыны да Түлкібастың төрінен шығарылады екен.Зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты«А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.
Пікір қалдыру