Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен білім саласына бағытталған бұл жобаның ауқымы кең.
Іс-шара барысында әр аудандық білім бөлім басшылары жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарын қорғады. 17 аудан 17 түрлі инновациялық жобаларын таныстырды. Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады.
Жобалардың басым бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды көздейді. Оқу-әдістемелік үдерісті оңтайландырып, жаңа әдісті интеграциялау арқылы балаларды қауіпсіз, қызықты тәсілдермен білімге құштар ету қажет. Нәтижесінде Түркістан облысының білім сапасы одан ары артады деген сеніміміз мол.
Өңірдегі білім беру ұйымдарында «Е-асхана», «Е-Кітапхана», «BilimLand» , «Face ID» сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді. Жәрмеңкеге «Алақан» жобасы, «Tolem», «MATATALAB» роботы, «IoT board», Codroneробототехникалық құралдары көрсетіліп, түрлі басылымдар мен логикалық Intellectum вертуалды ойындар сынды жаңа технологиялар ұсынылды.
Түркістан облысының экономикасы – өңір дамуының басты тірегі. Осы мақсаттарды одан әрі нығайту үшін аймақтық прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өткізді. Оған өңірдегі өміршең салалардың жауапты басшылары мен өкілдері […]
Елімізде пандемияға байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. ҚМДБ тарапынан «www.qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандық онлайн жүйесі арқылы қабылданып, мұқтаж отбасыларға таратылады. Мұқтаж отбасылардың тізімдері мен […]
«Профилактика жылы» және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті. Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырған іс-шара […]
Пікір қалдыру