ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың жалға алып отырған баспана ақысының 50%-ын мемлекет төлеп береді. Арнайы тексеру қорытындысы жалдауды субсидиялаудан да заңсыздық анықтаған. Олардың басым бөлігі Жетісай мен Сарыағашта орын алған. Шын мұқтаждардың қолдау алуына кедергі болып жатқан әрекеттерді әшкерелеу жұмыстары жалғасады.

Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам азамат үй кезегіне тіркелген. Олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астамы тіркеуден шығарылды. Бүгінде баспанаға мұқтаж 63 мыңңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша осы және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналысында талқыланды. Баспана мәселесін шешу облыс басшысының тікелей бақылауында.

– «Үйі жоқтың күйі жоқ». Халықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш – баспана. Мұқтаж жандарды баспанамен қамту, олардың тұрмысын түзету, әлеуметтің әлеуетін арттыруға мұрындық болу – әр әкімнің міндеті. Сондықтан осы жұмыстарға бар күшімізді салуымыз керек. Жұмыс орнын ашып, отбасын асырауға жағдай жасауымыз қажет. Жалғыз жол – инвестиция тарту. Инвестордың қолынан жетектеп жүріп, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасау керек. Әр аудан, қала әкіміне инвестиция тарту бойынша көрсеткіш міндеттеледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Ауыл мен аудан орталықтарының тұрғындарының баспана мәселесін шешуге күш салуды тапсырған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағытта жергілікті кәсіпкерлерге тиімді жол ұсынуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*