Сарыағаш ауданы экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты.
Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты мекеме басшылары мен инвесторларға инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімінде жүзеге асыруын жүктеді.
Мұнан соң аудан басшысы 2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан №35 Б.Гафуров атындағы жалпы білім беретін мектебіне сонымен қатар, Дербісек ауылдық округіндегі №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Жартытөбе ауылдық округіндегі №35 Б.Ғафуров атындағы мектепте, сонымен қатар Дербісек ауылдық округінде орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы мектепте мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары 80-85% орындалған.
Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі күні бүгінге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарын саралай келе құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керектігін атап өтті.
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
«Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған бағдарламаның аясында жүрігізіліп жатқан жұмыстарды саралау мақсатында Тегісшіл ауылдық […]
Бүгінде Түркістан облысы ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Соның бір айғағы – Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде қолға алынған жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы. Аудан әкімі […]
Пікір қалдыру