Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев арнайы іс сапармен Құркелес ауылдық округіне барып, Ақ үй елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүрігізіліп жатқан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын саралады.
-Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең -кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді,-деді аудан басшысы.
Айта кетсек, Ақ үй елді мекенінің жерасты су қорын іздеу, барлау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде. Жоба бойынша бұрғылау тереңдігі 920,5 метр, бүгінде нақты бұрғыланған тереңдік 802 метр. Алдағы уақытта, жерасты су қоры жеткілікті деңгейде анықталған жағдайда, елді мекенді ішкі ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне бұрғылау жұмыстарының қарқынын күшейтуді сонымен қатар сапалы жүргізуді тапсырды. Тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне құрылыс барысын баяндап отыруды жүктеді.
Сондай-ақ аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне арнайы барып, ауылдық округ аумағындағы егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін Досқара каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарын бақылады.
Сонымен қатар, Құркелес ауылдық округі аумағындағы Құлтума каналының апатты болып тұрған бастапқы 150 метр жерін бетондау жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жұмысқа ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, маусым айынан бастап мердігер «Алтынбек и Б» ЖШС тарапынан жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі су шаруашылығы мекемесі басшысына, ауылдық округ әкіміне және мердігер мекеме өкіліне атқарылып жатқан жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескерте отырып, суғару маусымы барысында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беру қажет екендігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.
Айта кетсек, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 бірлік экскаваторлар аудандық бюджеттен сатып алынған болатын. Осы техникалармен ағымдағы жылы 252,8 шақырымды құрайтын 68 бірлік су нысандарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Осы жоспарға сәйкес қазіргі таңда 71,5 шақырым немесе 28% cу арналары тазалаудан өткізілді.
Шалғайда орналасқан елдімекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елдімекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда. Осы тұста, бүгін […]
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Ақниет» суды тазалау және айдау станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Айта кетсек, аталған станция суды тазалап, Ақниет елді мекенінде орналасқан 2 ауыз су қоймасына (500м3) […]
Бүгінде Түркістан облысы ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Соның бір айғағы – Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде қолға алынған жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы. Аудан әкімі […]
Пікір қалдыру