Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында №11-ші көшенің бойындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Тұрғын үй кешенінде жалпы 5 қабатты 24 үй тұрғызу жоспарланған. Биыл 5 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1314 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 5 қабатты 9 үйдің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Онда 766 пәтер бар.
Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Мердігер мекемелер қатарында «Корпорация Бастау» ЖШС, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «ОТАР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «Integra construction KZ» ЖШС бар. Ал авторлық қадағалаушы – «Mataibekov Architects» ЖШС.
Айта кетейік, өңірде биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі – көпқабатты тұрғын үйлер.
Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады. Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын […]
Қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Оның ішінде 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалымен […]
Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауымен қолға алынған «Қауіпсіз жол» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары – тәртіп пен […]
Пікір қалдыру