Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына барынша жағдай жасалып, мүмкіндіктер қарастырылған. Әйтсе де, жасалатын бизнес заңды, адал болуы керек.
Осы орайда ауданда рұқсатсыз ашылған сауда орындарының қызметін тоқтатуға, бақша мен көкөністердің құрамында нитратты заттардың талапқа сәйкестігін, сауда орындарының өрт және техника қауіпсіздігін тексеруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, заң талаптарына сәйкес шара көру, базар аумағындағы санитарлық тазалық нормаларын сақтау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен арнайы жұмысшы тобы құрылып, рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
Қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз сауда нүктелерін анықтау, көлеңкелі бизнеспен айналысушылардың жұмыстарын тоқтату мақсатында жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесімен аудан басшысының төрағалығында базар басшыларымен арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық ТҮКШ бөлімі, құрылыс және сәулет бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі мен қала әкімі, аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында қаладағы кейбір тұрғындар сауда жасап, нәпақы табамын деп тазалықты сақтауды естен шығарғанын, заңсыздықтарға жол бергенін, бірқатар азаматтардың су қашыртқыларының үстіне дүңгіршектер салып, арық-атыздарды қоқыспен толтырып тастағанын айтып тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің сауда жасау фактілеріне тосқауыл қойып, ретсіз саудамен айналысатын азаматтарды базарларға жайғастырып, әрбір саудагердің өрт және техника қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін қадағалауды да естен шығармау керектігін ескертті.
Бұл бағыттағы жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарды табысынан қағып, нәпақысынан айыру емес, керісінше, кәсіптерін заңдастырып, мемлекетке төленетін салық көлемін арттыру, адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін санитарлық тазалық нормаларын қатаң сақтау болып табылады.
Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті […]
Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов […]
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» автомобиль жолынының 15,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Атамекен елді мекенінен басталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме […]
Пікір қалдыру